Алматы облысында төрт адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Опубликовано:
14 қарашада көлік жүргізуші Есік қаласы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып, төрт жаяу жүргіншіні қағып, кейін оқиға орнынан қашып кетті. 18 жастағы тұрғын ұсталып қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жол апаты салдарынан 16 жасар қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қарашада таңертең ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Жол-көлік оқиға фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автокөлігін басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Өңір полиция жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
"Көлік басқару кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі сізге байланысты екенін ұмытпаңыз", - деп ескертті полицейлер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2187987-almaty-oblysynda-tort-adamdy-qagyp-oqiga-ornynan-qashyp-ketken-zhurgizushi-ustaldy/