Оқыс оқиға

Зектілері

Шымкентте 261 млн теңгеден асатын дау медиация тәртібімен шешілді

Жарияланған күні:

Судья үкім оқып тұр
Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте 261 млн теңгеден асатын дау медиация тәртібімен шешілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент соттарының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, талап қоюшы "Б." АҚ-ның жауапкерлер 5 серіктестік пен 4 жеке тұлғаға берешек сомасын өндіру туралы азаматтық іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.

"Алдын ала сот отырысы барысында татуластырушы-судья тараптарға дауды бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім шеңберінде шешу құқығын түсіндіре отырып, осы келісімнің құқықтық салдарын атап өтті.

Одан кейін тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхат, ол бойынша жауапкерлер талап қоюшының талаптарымен келісіп, ортақ тәртіпте талап қоюшыға бір төлеммен 261 миллион теңгеден асатын қарыз сомасын бір жылдың ішінде төлейді. Талап қоюшы кепіл мүлкінің бір бөлігін, яғни 5 әкімшілік ғимаратты тыйымнан босатуға міндеттенді", - делінген сот хабарламасында.

Сот келісімді көріп, оны тексеріп, келісім заң талаптарына және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келмейтінін ескеріп, осы келісімді бекіткен

"Тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты азаматтық іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Талап қоюшыға 8 миллион теңгеге жақын төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.

Тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітудің және Азаматтық процестік кодекстің 277, 278-баптарының талаптарына сай іс жүргізуді өндірістен тоқтату салдары түсіндірілді", - делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, медиация "Медиация туралы" ҚР Заңының талаптарына сай, тараптардың келісімі бойынша олардың тең құқықтылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2188190-shymkentte-261-mln-tenggeden-asatyn-dau-mediatsiia-tartibimen-sheshildi/