jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанада жүк тасымалдау саласында алаяқтық жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

    Полицей күдіктіге кісен салып жатыр
    Полицей мен күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Елордалық полицейлер логистикалық сайттарды мониторингілеу кезінде жүк тасымалдау саласындағы алаяқтық фактісін анықтаған. Жедел іс-шаралар барысында 28 және 31 жастағы екі ер адам ұсталып, полицияға жеткізілген. Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Полицейлер бірнеше жәбірленуші арызданғанын, тергеу барысында алаяқтардың әрекетінен еліміздің басқа өңірлерінде тұратын азаматтардың да зардап шегуі мүмкін екені анықталғанын мәлімдеді.

    Алдын ала мәліметтер бойынша алаяқтар жүк тасымалдау ұсыныстары бар сайттарды бақылап, хабарландыруларға жауап берген. Кейін жүкті тасымалдау бойынша тапсырысты орындай алатын компанияны немесе жүргізушіні іздестірген.

    Ақшаны алу үшін күдіктілер Indrive қосымшасы арқылы келісімге келген курьерлердің есепшотын пайдаланған. Тасымалдаушы өз жұмысы үшін ақы алмаған, өйткені ақша делдалдардың есепшотында қалған.

    "Жедел іс-шаралар барысында 28 және 31 жастағы екі ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың қылмыстық іс-әрекеттерінің екі фактісі тіркелді. Қылмыскерлердің басқа да ұқсас эпизодтарға қатыстылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген ПД хабарламасында.

    Жалпы шығын шамамен 350 мың теңге болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.