jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    35 млн теңгеге біреудің көлігін "сатып жіберген": Ресейден Қазақстан азаматы экстрадицияланды

    Қазақстандық Ресейден экстрадацияланды
    Қазақстандық Ресейден экстрадацияланды. Видеодан кадр: t.me/GenPr

    Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.

    "Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ өзіне тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлемдегі қаражатты жымқырған", - делінген хабарламада.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.

    Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды.

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.

    Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.

    Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

    35 млн теңгеге біреудің көлігін "сатып жіберген": Ресейден Қазақстан азаматы экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.