jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте жыл басынан бері полиция басқармасы ғимараттарынан 31 тұлға босатылған

    Тергеу изоляторы
    Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте жыл басынан бері полиция басқармасы ғимараттарынан 31 тұлға босатылған. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайты хабарлайды.

    Бас прокуратура мәліметіне сүйенсек, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының ғимаратындағы қызметтік бөлмелерде адамдарды жеткізудің үш сағаттық мерзімін сақтау туралы Қылмыстық-процесстік кодекстің талаптарының орындалуын тексереді.

    Жалпы прокурорлар ағымдағы жылдың 10 айында полиция ғимараттарында заңсыз ұсталған 31 адамды (оның ішінде Қаратау ауданында 9, Тұран ауданында 8, Әл-Фараби ауданында 7, Абай ауданында 5, Еңбекші ауданында 2) босатқан. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 27 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған.

    "Біз Қылмыстық-процестік заңнамасының мүлтіксіз орындалуына ұмтылуымыз керек, азаматтардың құқық қорғау органдарының ғимараттарында бір минуттан аса негізсіз болуына жол берілмеуі керек және олардың құқықтарын бұзғандар үшін салдары болады", - делінген хабарламада.

    Қазіргі таңда жұмыстар жалғасып жатыр.

    Шымкентте жыл басынан бері полиция басқармасы ғимараттарынан 31 тұлға босатылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.