jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте желіде заңсыз лоторея ойнатқан тұрғын шамамен 250 мың теңге айыппұл арқалады

    Инстаграм
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте желіде заңсыз лоторея ойнатқан тұрғын шамамен 250 мың теңге айыппұл арқалады. Бұл туралы Шымкент соттарының Telegram-дағы арнасы хабарлайды.

    Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тұрғынға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1 бабы 6-бөлігі (лотерея операторы емес тұлғаның лотерея өткізуі) бойы әкімшілік іс қаралды.

    "Н. 2024 жылы маусым айында Шымкент қаласында Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында лоторея билетінің бағасын 2 000 теңге деп белгілеп, Toyota маркалы автокөлік құралын және ақшалай ұтыс ойындарын өткізген.

    Сот отырысында Н. әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасымен келісетінін, өзі лоторея билеттерінің ұтыс ойының ұйымдастыру заңсыз екенін білмегенін көрсетіп, кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтып өтті. ӘҚБтК-нің 445-1 бабы 6-бөлігінің санкциясы бойынша жеке тұлғаларға – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл жазасы көзделген",- делінген хабарламада.

    Сот әкімшілік жаза қолдануда оның құқықбұзушылық әрекетіне өкінуін жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде таныған. Ал жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар болмауына байланысты оған әкімшілік жаза ретінде 258 440 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындаған.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген.

    Шымкентте желіде заңсыз лоторея ойнатқан тұрғын шамамен 250 мың теңге айыппұл арқалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.