jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте жыл басынан бері түнгі уақытта көше кезген 5000 бала ұсталған

    жасөспірім
    Жасөспірім. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Шымкентте үлкендерсіз көше кезіп жүрген 5000-ға жуық бала анықталған. Олар арнайы рейд кезінде құқыққорғау өкілдерінің назарына іліккен екен. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық сауатсыздық пен заңбұзушылық әлі де тыйылмай тұр. Ал мамандар жайттың салдарымен күресуді емес, алдын алуды да көздейді, деп хабарлайды Ontustik.tv.

    Ұлжан Құрманбай – Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ 1-курс студенті. Қалаға енді келіп, жаңа ортаға тап болған соң өз құқығың мен міндетіңді білу аса маңызды дейді.

    "Енді жасөспірім бала жаңа ортаға келгеннен кейін ата-анамыздан бөлінген соң көп нәрсе болуы мүмкін. Орта маңызды, адамды тәрбиелейтін ортасы деп айтады ғой. Жақсы, жаман адамдар бар. Жамандардан бойды аулақ салу керек. Өзгенің құқығын бұзбау керек", - дейді ол.

    Студенттердің құқықтық сауатын арттыру – күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Жастар ресурстық орталығының мамандары осы мақсатта кездесулерді ұдайы өткізеді.

    "Бізде көбіне жастардың құқықбұзуының себебі – құқықтық сауаттың жоқтығы. Егер ауыр жаза алса, бүкіл өміріне балта шабылады деген сөз ғой. Сондықтан жастарға ескертуді міндетіміз деп санаймыз", - дейді Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аружан Әлжан.  

    Қазіргі уақытта қалалық прокурорының өкімімен 71 мобильді топ құрылған. Солардың жұмыс нәтижесінде жыл басынан бері 500-ге жуық рейд өткізіліп, 5000 бала түнгі уақытта көше кезіп жүрген жерінен ұсталды. Оның ішінде 588 бала бейімдеу орталығына жеткізілді.

    ”Олардың барлығы ата-анасына беріліп, қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Ал кейбірі Тараз қаласындағы арнайы мектептерге жолданды, оларға қамқоршылық тағайындалды. Қазіргі таңда бізді есірткі қылмыстарының өсуі қатты алаңдатып отыр”, - дейді қала прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдыбаев.

    Шымкентте жыл басынан бері түнгі уақытта көше кезген 5000 бала ұсталған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.