jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте пайдаланылмай жатқан жер телімі мемлекетке қайтарылды

    Жер телімі
    Жер телімі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте арнайы экономикалық аймақта мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер телімі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Ontustiktv.kz хабарлайды.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында синтетикалық жіп шығаратын зауыт салу үшін берілген учаскені мақсатсыз пайдалану анықталған

    "2013 жылы жергілікті атқарушы органның қаулысы бойынша ЖШС синтетикалық жіп пен дайын микрофибра бұйымдары мен басқа да тоқыма материалдарын шығаратын зауыт салу үшін ауданы 2,0 гектар жер учаскесін берді", - делінген хабарламада.

    Учаскенің нысаналы мақсатына сәйкес келмеуін анықтауға байланысты Шымкент жер ресурстарын басқару бөлімі жер заңнамасының талаптарын заңбұзушылықтарды жою қажеттігі туралы ұйғарым шығарған.

    "Нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берілді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот кадастрлық құны 70 миллион теңге болатын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды", - делінген ведомство ақпаратында.

    Шымкентте пайдаланылмай жатқан жер телімі мемлекетке қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.