Шымкентте полиция күштерінің гарнизондық таратуы өткізілді
Жарияланған күні:

Шымкентте полиция күштерінің гарнизондық таратуы өткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мегаполис аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларына арналған нұсқаулықты полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков жүргізген.
Полиция полковнигі жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киім мен құрал-жабдықтардың сәйкестігін және қызметтік құжаттарын жеке тексеріп шықты.
Полицейлерге қызметтік тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігі, құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүктелген жауапкершілік туралы айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2190897-shymkentte-politsiia-kushterining-garnizondyq-taratuy-otkizildi/