"Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс шарасы: Шымкентте 63 әкімшілік хаттама толтырылды
Жарияланған күні:

Шымкентте "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 63 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында мал ұрлығының алдын алу бойынша 2024 жылдың 18-20 қараша аралығында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілді.
Шымкент қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасы және аудандық бөліністер қызметкерлерімен бірлесіп, "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде 63 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы 112 шаруа қожалық пен 204 ет сататын орын тексерілді.
Сондай-ақ шара барысында мал сою пункттері, қараусыз жүрген малды ұстау орындары тексеріліп, жануарларды заңсыз тасымалдау жағдайларының жолын кесу жұмыстары жүргізілуде. Ұрланған мал өнімдерін сатуды болдырмау үшін базарлар мен ет өнімдерін қабылдау орындары тексеріліп жатыр.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдаулар, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертті. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттандыруға кеңес берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2190920-mal-urysy-zhedel-profilaktikalyq-is-sharasy-shymkentte-63-akimshilik-hattama-toltyryldy/