jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда есірткі саудасына қатысы бар құқық қорғау органдар қызметкерлерін өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды

    Amanat партиясы фракциясы
    Amanat партиясы фракциясы. Фото: t.me/AMANATPartiyasy

    Қазақстанда есірткі саудасы бойынша айыпталған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының отырысында Ерлан Қошанов (партия мен Мәжіліс төрағалығын қатар атқарады) есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері бойынша түзетулер пакеті әзірленіп, ол бірінші оқылымда қабылданғанын атап өтті.

    Атап айтқанда, есірткі қылмысының, әсіресе есірткі өндірушілер мен "наркобарондардың" жазасын қатаңдату ұсынылады.

    Бүгінде есірткі қылмысы үшін сотталған 4 мыңнан астам адамның 1300-ге жуығы есірткі тасушы саналады. Сондықтан Мәжіліс Спикері алғаш рет қылмыс жасаған есірткі курьерлерінің жазасын жеңілдету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

    "Олардың арасында жасөспірім балалар, қаржы қыспағына іліккен жастар көп. Аталғандардың алды 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылып отыр. Шынтуайтында, оларды осы заңсыз іске есірткі өндірушілер мен жеткізушілердің тартқан, олардың жазасы пара-пар емес.

    Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, олардың әрқайсысын бөлек қарап, жазаларының деңгейін заң жобасының екінші оқылымына дейін қарастыру қажет. Бұл ретте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар құқық қорғаушыларды наркобарондарға теңестіруді және оларға өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін ең ауыр жаза қолдануды ұсынамыз", - деді ол.

    Қазақстанда есірткі саудасына қатысы бар құқық қорғау органдар қызметкерлерін өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.