jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген бухгалтер бас бостандығынан айырылды

    Есепші
    Құжат толтырып отырған есепші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Ақтөбе облысында 49 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденді деп айыпталған бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қадағалау органына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтаған.

    "Балауса", "Гүлдер", "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған", - делінген хабарламада.

    Облыстық прокуратура мәліметінше, барлық көрсетілген дерекке қатысты аудан прокуратурасы бухгалтерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 2 және 4-бөліктерімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бастаған.

    "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығындарды өтеуіне байланысты қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды.

    "Балауса" және "Гүлдер" балабақшаларының бухгалтері 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

    Ақтөбе облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген бухгалтер бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.