jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Қамауда отырып теракт ұйымдастырмақ болған: Ұлттық қауіпсіздік комитеті 10 адамды тергеуге алды

    Теракт ісі бойынша айыпталушылар
    ҰҚК операциясы. Фото: ҰҚК

    22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде радикалды діни идеологияны ұстанған 10 адамның іс-әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл операцияға Ішкі істер министрлігі қатысып, үйлестіру жұмыстарын Алматы облысы прокуратурасы жүргізген.

    "Алдын ала мәліметтерге сәйкес, айыпталушылардың бірі қамауда отырып, террорлық актіні ұйымдастыруға дайындалған. Қалғандары экстремизмді насихаттап, лаңкестік әрекеттерді іске асыру үшін жаңа жақтастар іздеумен айналысқан", - делінген ҰҚК хабарламасында.

    Тергеу барысында күдіктілердің бірі экстремизм үшін сотталғаны белгілі болды. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық секілді қылмыстары үшін жазаларын өтеп жатқан.

    Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар мен басқа да заттай дәлелдер тәркіленді.

    Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы (терроризм актісі), 256-бабы (терроризмді насихаттау) және 259-бабы (экстремистік топ құру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Қамауда отырып теракт ұйымдастырмақ болған: Ұлттық қауіпсіздік комитеті 10 адамды тергеуге алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.