Павлодар облысының әкімі "қылмыс әлемі дөкейінің" ұсталуына қатысты пікір білдірді
Опубликовано:

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов рейдерлік әрекетке күдікті "қылмыс әлемі дөкейінің" ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мен, әрине, хабардар болып отырмын, бірақ тергеу құпиясы болатын мәліметтерді жариялай алмаймын. Бұл қарапайым өндірістік база, біздің Павлодарда өнеркәсіптік сипаттағы ғимараттар, қоймалар бар 300 немесе 400 бірлік болуы мүмкін. Бұл ешқандай инфрақұрылымдық құндылықты білдірмейді. Білуімше, Камзин көшесінде орналасқан. Ол - қаладағы жарты мың базаның бірі", - деді әкім.
Еске салайық, Павлодарда өнеркәсіптік кәсіпорынды рейдерлік жолмен басып алды деген күдікпен ер адам ұсталған еді. Бұл туралы Павлодар облысының экономикалық тергеу департаменті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, қызметкерлер сотқа дейінгі тексеру аясында рейдерлік қылмыс жасаған болуы мүмкін күдіктінің ізіне түскен. Ол аймаққа танымал адам болып шықты. Күдіктінің аты-жөні жарияланбады.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2192036-pavlodar-oblysynyng-akimi-qylmys-alemining-dokeii-ustaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/