Ақмола облысында колония басшысы 6 миллион теңге пара алған
Опубликовано:

Ақмола облысында түзеу мекемесінің басшысы сотталды. Ол шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы оң шешім шығару үшін сотталған азаматтан 6 миллион теңге алды деп айыпталды. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Соттың Facebook-тегі ресми аккаунтында пайда болған ақпарат бойынша, Степногорск қалалық соты күдіктіге қатысты алаяқтыққа әрекет жасағаны үшін кінәні мойындау туралы іс жүргізу келісімімен қылмыстық іс қарады (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармақтары).
Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат сотқа шартты түрде мерзімімнен бұрын босату туралы өтініш берген.
Мекеме бастығы соттың қабылдайтын шешіміне ықпал ете алмайтынын біле тұра, сотталушыны 6 млн теңгеге мәселесін оң шешуге көмек көрсете аламын деп алдаған.
"Ер адамның кінәсі кінәсін мойындауымен, жәбірленушінің, куәгердің айғақтарымен, жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерімен, тінту кезіндегі бейнежазбамен, мекеменің бейнебақылау камераларының жазбаларымен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді.
Жаза тағайындауда сот кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне шын жүректен өкінгенін және колония басшысының кішкентай балаларының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Жәбірленушіге келтірілген залалды ер адам тергеу барысында толық көлемде өтеген", - делінген хабарламада.
Сотқа іс бойынша азаматтық талап коюы берілген жоқ.
Сот үкімімен колония басшысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, құқық бұзушылық жасау жолымен алынған ақша мемлекет кірісіне тәркіленіп, 7,5 еселенген мөлшерде (45 млн теңге) айыппұл тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2192226-aqmola-oblysynda-koloniia-basshysy-6-million-tengge-para-algan/