jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылордада полиция қызметкері ұсталды

    Полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

    Желіде Қызылорда әуежайында полиция қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Кейбір дереккөздер Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД және ПД ҰҚК қызметкерлері қамауға алынған адамды қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 2 млн теңге көлемінде пара алған кезде ОАБП бөлімінің бастығын күтпеген жерден "ұстады", - деп хабарлайды EGOV.PRESS Telegram-дағы арнасы.

    Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілі NUR.KZ тілшісіне берген ақпаратында департамент полицейлер арасындағы құқықбұзушылықты анықтау және жолын кесу шараларын жүйелі түрде жүргізіп келетіні айтылған.

    "Сонымен, ҰҚКД ПД-мен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан келеңсіз себептермен жұмыстан шығарылды.

    Қызылорда облысының полиция депаратаменті полицейлер тарапынан кез келген заң бұзушылықтарды қатаң айыптайды", - деп атап өтті ведомство өкілі.

    Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталғанын хабарлаған едік.

    Қызылордада полиция қызметкері ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.