jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында ветеринарлық қызметтің басшысы сотталды

    Қолына кісен салынған ер адам
    Қолына кісен салынған айыпталушы. Көрнекі фото: freepik.com

    Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының "Ветеринарлық қызмет" ШЖҚ МКК басшысы сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ол аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарда.

    Сот үкімімен Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

    Түркістан облысында ветеринарлық қызметтің басшысы сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.