"Антикор басшылығымен келіскен": Астанада пара беру және алаяқтық бойынша күдікті 14 жылға сотталды
Опубликовано:
Астанада айыпталушы бірқатар алаяқтық жасап, Антикор басшылығына ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін 14 жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Бүл туралы KAZ.NUR.KZ Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылғы 25 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық жасады және ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп айыпталған Б.-ға қатысты үкім шығарды (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4- бөлігі – 367-бабының 3-бөлігі).
2022 жылдың желтоқсанында Б. И.-ға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығымен келісіп, оның ағасына қатысты қылмыстық істі Астана қаласына жіберіп, одан әрі өндірісті тоқтату үшін 40 мың АҚШ долларын беру керек екенін айтты. Сотталушы аталған соманы И.-дан алып, яғни алдау арқылы алаяқтық жасап, 18,7 млн теңгеге тең 40 мың АҚШ долларын ұрлаған.
Сондай-ақ И.-ды лауазымды тұлғаға пара беруге итермелеген (Қылмыстық кодекстің 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 3-бөлігі).
Сотталушы Б. алдау арқылы алаяқтық әрекеттерін жалғастыра отырып, 2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы сәуірге дейін 46,4 млн теңге сомасында ақша қаражатын:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен кездескен Б.-ның мейрамхана шоттары мен бос уақытына жұмсалған соманы төлеу;
- Б. және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің іссапар шығындарын төлеу;
- сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына қылмыстық іс бойынша И.-дың бауыры үшін кепіл енгізу;
- сараптама жүргізу;
- И.-дың бауырына қолданылған "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын "үй қамаққа" ауыстыру үшін жымқырған. Осылайша ол әдейі И.-ды алдап, оған ақша алу мақсаттары туралы жалған ақпарат берді.
- Сондай-ақ, ол А. және С. жәбірленушілеріне қатысты бірнеше рет ірі мөлшерде алдау арқылы алаяқтық жасаған (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4) -тармақтары):
А., 2023 жылғы қыркүйектен бастап 2024 жылғы қаңтар айына дейін сотталушыға әртүрлі сомада жер учаскесін алу үшін барлығы 3,7 млн. теңгеден астам соманы берген;
С., 2024 жылғы наурыздан маусымға дейін сотталушыға әртүрлі сомада Ресейде есепте лизингте тұрған 5 Ресейлік автокөлікті Қазақстандық есепке қою үшін барлығы 4,9 млн теңге берген.
Бұдан басқа сотталушы Б. 2024 жылғы наурызда жәбірленушілер Ж. (2,2 млн. теңге) және Д.-дан (2,2 млн. теңге), олар жүргізуші куәлігін алу үшін берген ақша қаражатын алдау жолымен ұрлап әкеткен (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы).
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, Банк үзінділерімен және басқа құжаттармен, Б.-ның аудио хабарламаларымен және жасырын тергеу әрекеттерімен дәлелденді.
Сотталушы тек Ж.-ға қатысты жасалған алаяқтық фактісін ғана мойындап, қалған эпизодтарды, соның ішінде пара беруге итермелеу фактісін мойындамай, оны ақтауды сұрады.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді;
Қылмыстық кодекстің 367-бабының 3-бөлігі мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 40 еселенгеннен 50 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сот кәмелетке толмаған баланың болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2192388-antikor-basshylygymen-kelisken-astanada-para-beru-zhane-alaiaqtyq-boiynsha-kudikti-14-zhylga-sottaldy/