jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте шетелдік азаматтан 537 мың теңге жымқырған тұрғын сотталды

    Полицей күдіктіге кісен салып жатыр
    Полицей мен күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында шетелдік азаматты 537 млн теңгеге алдаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шымкент соттарының Telegram-дағы мәліметінше, тұрғын Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық, яғни өзінің қызмет бабын пайдалана отырып бөтеннің мүлкін алдау жолымен аса ірі мөлшерде иемдену) бойынша айыпталған.

    "М., Қытай Халық Республикасының азаматы – жәбірленуші Х.-ның сеніміне кіріп, оны бірлесе бизнес жасаймыз деп алдап, жәбірленушінің аса ірі көлемде 537 080 505 теңге қаражатын жымқырған. Сонымен қатар жәбірленуші А.-ның сеніміне кіріп, алдау арқылы аса ірі көлемде 50 000 000 теңге қаражатын жымқырған",- делінген хабарламада.

    Сотталушының кінәсі өзінің, жәбірленушілердің, куәлардың жауаптары, заттай дәлелдемелер мен басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығы арқылы толық дәлелденеді.

    "Прокурор М.-ға 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер сотталушыға қатаң жаза тағайындауды және талап-арыздарды қанағаттандыруды сұрады. М. тағылған айыпты мойындамай, қылмыс құрамының болмауына байланысты соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады.

    Сот М.-ға жаза тағайындауда қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын, сонымен қатар, сотталушының жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірмегенін және қылмыспен келген шығынның өтелмегенін ескерді. Сот М.-ны Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Іс бойынша талап арыздар қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Шымкентте шетелдік азаматтан 537 мың теңге жымқырған тұрғын сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.