jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Мұқтаж азаматтар жалақысынан 5,5 млн теңге ұстаған": Жетісу облысында лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

    Әмиян мен ақша
    Әмиян мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жетісу прокурорлары мүгедектігі бар адамдар мен көпбалалы аналардың құқықтарын бұзған лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жетісу облысы прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жетісу облысының ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы аналардың, "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Ана даңқы" және басқа да марапаттарға ие болған аналардың жалақыларынан міндетті төлем сомаларын заңсыз ұстап отырған.

    Прокуратура "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңның талаптарына сәйкес азаматтардың аталған санаты үшін мұндай жарналарды мемлекет төлейтінін жеткізді.

    Алайда, соған қарамастан, кейбір жұмыс берушілер тарапынан қолдауға мұқтаж 166 азаматтың жалақысынан 5,5 миллион теңгеден астам қаржы заңсыз ұсталғаны белгілі болды.

    Жетісу облысы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, заңсыз ұсталған қаржыны қайтару рәсімі басталды.

    Кінәлі лауазымды тұлғалар, оның ішінде екі ауылдық округтің әкімі мен бір мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Прокуратура әрбір азаматтың құқықтарын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, заңбұзушылықтардың кез келген жағдайына дер кезінде әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.