jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде ерлі-зайыпты ескерту жасаған адамды соққыға жыққан

    Жол бойындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет
    Жол бойындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақтөбедегі ойын алаңдарының бірінде ерлі-зайыпты қоқыс тастамауды өтінген азаматты соққыға жыққан. Сот олардың әрекетін бұзақылық деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақтөбе қаласының N2 сотының үкіміне сілтеме жасап хабарлайды.

    Сот материалдарына сәйкес, оқиға ойын алаңдарының бірінде болған. Мас күйде отырған ерлі-зайыптыға сол аумақтан өтіп бара жатқан азамат балалар ойнайтын жерге қоқыс тастамауды сұраған. Алайда бұл ескерту жанжалға ұласып, ерлі-зайыпты ер адамды соққыға жыққан.

    "Мен қонақтан үйге келе жатқанмын. Ойын алаңында отырған адамдарға қоқыс тастамауды сұрадым. Бірақ олар менімен сөзге келіп, ұрып тастады. Кейін полиция келіп, барлығымызды бөлімшеге алып кетті. Қазір мен оларды кешірдім, ешқандай шағымым жоқ", - деді жәбірленуші сотта.

    Сот ерлі-зайыптының үш баласы бар екенін және олардың айыбын мойындағанын ескере отырып, жеңіл жаза тағайындады. Оларға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді. Сол уақыт аралығында олар кешкі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйде болуы керек, сонымен қатар алкоголь сататын мекемелерге баруға тыйым салынады.

    Егер бұл талаптар бұзылса, бас бостандығын шектеу жазасы нақты мерзімге ауыстырылуы мүмкін.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес, бұзақылық жасағаны үшін:

    • 500-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл;
    • 300-ден 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту;
    • 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
    Ақтөбеде ерлі-зайыпты ескерту жасаған адамды соққыға жыққан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.