jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Бишімбаевтан моральдық шығын өндіріп алу бойынша апелляциялық соттың шешімі шықты

    Қуандық Бишімбаев
    Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

    Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Айтбек Амангелдінің одан моральдық және материалдық шығын өндіруге қатысты арызы қаралды. Бұл туралы Астана соттары Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Сот ақпаратынша, бірінші сатыдағы соттың шешімімен А.-ның материалдық залалды өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы ішінара қанағаттандырылды.

    Жауапкерден қылмыстық іс барысында келтірілген шығыстар 6 877 672 теңге және 10 млн теңге сомасында моральдық зиянның өтемақысы өндірілді.

    Осы шешімге талапкер апелляциялық шағым беріп, онда моральдық зиянды өтеу сомасын 1 млрд 500 млн теңгеге дейін ұлғайту туралы мәселе қойған.

    "Іс материалдарынан жауапкер заңды күшіне енген айыптау үкімімен талапкердің әпкесін өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.

    Марқұмның ағасы қайғылы оқиға салдарынан болған моральдық азап, денсаулығының нашарлауы және жұмыс қабілетінің жоғалуы туралы мәлімдеді. Марқұмның ата-анасы талапкердің пайдасы үшін өндіріп алудан бас тартты", - делінген хабарда.

    Астана сотының ақпаратынша, бірінші сатыдағы сот жақын туысының қайтыс болуы талапкердің моральдық жағдайына теріс әсер еткенін және оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын атап өтті және талап қоюды парасаттылық пен әділеттілік қағидаттарына сүйене отырып ішінара қанағаттандырды.

    Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімді өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

    Сот актілері заңды күшіне енді.

    Бишімбаевтан моральдық шығын өндіріп алу бойынша апелляциялық соттың шешімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.