Оқыс оқиға

Зектілері

"Орташа жалақы 85 мың теңге": Шымкентте сотталушы түрмеде колледж оқып, тігін тігіп жүр (видео)

Жарияланған күні:

Тігін машинасы
Тігін машинасы. Видеодан кадр: youtube.com/ OTYRAR

Шымкенттегі түзету мекемелері индустриалды аймақтар сынды өнімді өндірісті қолға алған. Атап айтсақ, халық арасында "31-колония" деп аталатын №54 арнайы мекемеде тігін цехы ашылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым мәліметінше, түрмеде есірткі тарату ісі бойынша бас бостандығынан айырылған жігіт жұмыс істеп жүр. Оған жұмысын үлгілі істеу арқылы тек мерзімінен бұрын босатылу ғана емес, шығынды өтеу мүмкіндігі берілуі ықтимал.

"Осы мекемеде қазіргі таңда тігін колледжі бар. Осы колледжде тігін мамандығын оқып, дипломды да алдым. Сөйтіп осы жерде жұмыс істеп, істеген жұмысыма қарай ақшамды алып, ақымды алып, үйге жіберіп, өзіме керек заттарды алып жүрмін", - дейді ол.

Мұнда айыпталғандар тек жұмыспен қамтылып қана қоймай, уақытынан ерте бостандыққа шығу игілігіне де ие болады. ҚАЖК департаментінің мәліметінше, бүгінде жазасын өтеушілердің басым бөлігі жұмысқа орналастырылған.

"Сотталғандар бұл мекемеде 60 пайызға жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы 85 мың теңге. Өз істеген жұмысына қарай ақы төленеді", - дейді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департамент бастығының міндетін атқарушы Ермек Жалғасбаев.

Аталған жоба арқылы сотталушылар жаңа өмір бастай алады. Ал бүгінде оның нәтижесі де жоқ емес көрінеді.

"Биыл жүргізген сараптамаға сәйкес, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 800-дей адамның тек үшеуі түзету мекемесіне қайта оралды", - дейді Шымкент қалалық прокуратурасының басқарма басшысы Рүстем Жақсылық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2193410-ortasha-zhalaqy-85-myng-tengge-shymkentte-sottalushy-turmede-kolledzh-oqyp-tigis-tigip-zhur-video/