Оқыс оқиға

Зектілері

Алматыдағы метро жолаушыларынан пышақтар, кастеттер мен есірткілер тәркіленді

Жарияланған күні:

Алматы метросы
Алматы метросы. Фото: t.me/almaty_akimat/21227

Алматы полиция департаменті метрода тәртіп сақшыларының қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Жыл басынан бері жолаушылардан 70 пышақ, кастет және басқа да қарулар тәркіленді, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұржан Таңатаровтың айтуынша, әрбір метро станциясында полиция пункттері бар, олардың қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

"Әр бекетте полиция пункттері орналасқан, онда қызметкерлер тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Полиция пункттерінде кезекші наряд, сеніп тапсырылған аумақты аралап, аумақтарды бейнебақылауды жүзеге асырады. Барлық тәртіп сақшылары сияқты "жерасты" полицейлері де заңбұзушылықтар анықталса, дер кезінде шара қолданады.

Сондай-ақ күнделікті жасақ құрамына қызметтік-іздестіру иттері бар полиция кинологтары кіреді, олар жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін электр пойыздарын, метро станцияларының қызметтік ғимараттарын және қоймаларды тексереді", - деді, Метрополитендегі полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұржан Таңатаров.

Биылғы жылы Алматы метросында 70-тен астам пышақ, кастет және басқа да қарулар тәркіленген. Сондай-ақ есірткіні сақтаудың 13 дерегінің жолы кесілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2193696-almatydagy-metro-zholaushylarynan-pyshaqtar-kastetter-men-esirtkiler-tarkilendi/