jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Кек алу мақсатында шабуыл жасаған": Астанада тергеушіге күш қолданған үш адам сотталды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

    Елордада билік өкіліне шабуыл жасаған үш адам сотталды. Бұл жөнінде Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, құқық қорғау органының тергеушісі мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған.

    "Оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында сотталған үш адам тергеушіге шабуыл жасауды ұйымдастырған.

    Қылмыстық ниеттерін іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйінің кіреберісінде оған шабуыл жасаған", - делінген прокуратура хабарламасында.

    Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелдеген.

    Сот үкімімен шабуылдың ұйымдастырушысы 5 жылға, қалған екі қатысушы сәйкесінше 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    "Кек алу мақсатында шабуыл жасаған": Астанада тергеушіге күш қолданған үш адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.