jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Отырыс уақытын сәл ұзарту туралы өтініш жасаған": Алматыда кафеге келуші соққыға жығылды (видео)

    Мейрамхана
    Мейрамхана. Көрнекі фото: pixabay

    Алматыда полиция кафеге келушіні соққыға жыққан күзетшілерді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Алмалы аудандық полицейлері келушіні қатты соққыға жыққан қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің екі күзетшісін ұстады. 

    40 жастағы ер адам ауыр жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

    "Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында дәмхананың екі күзетшісінің кінәсі анықталды, жәбірленуші онда достарымен бірге болған. Күзетшілердің келушілердің отырыс уақытын сәл ұзарту туралы өтінішіне соншалықты агрессивті түрде әрекет еткендігі белгілі болды. Оның үстіне мекеме қызметкерлері соққыға жығылған ер адамға араша болмақ болған адамдарға еш әрекет жасамаған. Екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

    "Отырыс уақытын сәл ұзарту туралы өтініш жасаған": Алматыда кафеге келуші соққыға жығылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.