jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Оралда мас күйінде аялдаманың терезесін сындырған ер адам ұсталды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

    Орал қаласында 43 жастағы ер адам жылы аялдаманың терезесін сындырған. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, азамат бұл әрекетке мас күйінде барған.

    "Учаскелік полиция инспекторлары қолға түсірген кезде ер адам мас күйінде болды. Келтірілген залал көлемі 150 мың теңге. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам 500-ден 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не үш жүзден алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - деп хабарлады ведомстводан.

    Оралда мас күйінде аялдаманың терезесін сындырған ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.