jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында екі апта бұрын жоғалған азамат даладан өлі күйінде табылды

    Қардағы іздер
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Ақмола облысында 14 қараша күні жоғалған 24 жастағы тұрғынды іздестіру жұмыстары тоқтатылды. Оның денесі даладан табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полицияға сілтеме жасап.

    Ақмола облыстық полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне өңірде із-түссіз жоғалған ерекше қажеттілігі бар адамды іздестіру жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Оның денесі далада табылған.

    "Р.А ұшты-күйлі жоғалғаны туралы ақпарат биыл 19 қарашада Біржан сал атындағы аудандық полиция бөліміне түскен. Туыстарының айтуынша, 24 жастағы азамат 14 қараша күні жоғалған. Алайда туыстары бастапқы күндері өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізіп, тек бесінші күні ғана полицияға жүгінген.

    Ата-анасы жоғалған жігіттің осыған дейін көрші ауылдағы туыстарына қыдырып барып жүргенін айтқан. Жедел түрде іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері мен еріктілерден арнайы топ құрылған. Олар орман массивтерін, даланы және жақын маңдағы елдімекендерді аралаған. Іздестіру аумағын көбейту үшін дрондар мен қызмет көлігі пайдаланылған", - деді полицияда.

    Із-түссіз жоғалған азаматтың денесін полицейлер тапты. Алғашқы тексеруде оның үсіктен қайтыс болғаны анықталды. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.

    Ақмола облысында екі апта бұрын жоғалған азамат даладан өлі күйінде табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.