Оқыс оқиға

Зектілері

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік бейнеролик арқылы ата-аналарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Әлеуметтік ролик
Отбасы. Видеодан кадр: instagram.com/qriim_mvdrk

Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер мен жастар арасындағы есірткі қылмысы туралы мәселені көтерген әлеуметтік бейнеролик жариялады. Бүл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнежазбада ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов ата-аналарға арнап сөз сөйледі.

"Мен сіздерге ішкі істер органдарының қызметкері ретінде емес, ең алдымен әке ретінде үн қатқым келеді. Соңғы жылдары Қазақстанда, әсіресе, жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі қылмысының көбею үрдісі байқалуда. Одар қарапайым отбасының балалары", - деді Әлжанов.

Оның айтуынша, жасөспірімдер көбіне есірткі қылмысына интернет, әлеуметтік желі немесе таныстары арқылы тартылады. Оларға оңай әрі жылдам ақша уәде етіледі, бірақ мұндай жолдың соңы қайғылы жағдайларға ұласатынын бала біле бермейді.

"Кінәні мектептен, интернеттен немесе айналамыздағы адамдардан іздеуге бейімбіз. Бірақ бәрі үйден басталатынын мойындауымыз керек", - деп атап өтті Әлжанов.

Ол ата-аналарды балаларымен ашық сөйлесуге шақырды.

"Егер бала өзіне қызықтырған сұрағына үйден жауап таба алмаса, оны көшеден іздейді. Біз бірге олардың болашағын қауіпсіз әрі бақытты ете аламыз", - деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2195379-ishki-ister-ministrligi-aleumettik-beinerolik-arqyly-ata-analarga-undeu-zhasady/