Оқыс оқиға

Зектілері

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасының қалған мерзімін түрмеде өткізеді: апелляциялық сот үкімді күшінде қалдырды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Нұрасыл Болат. Фото
Нұрасыл Болат. Фото: instagram.com/pro.pravo.kz

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын түрмеде өтейді. Апелляциялық сот бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сот шешімін күшінде қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Өзгеріссіз қалдырылды", - деп хабарлады сот.

Нұрасыл Болат ісі

Еске сала кетейік, Нұрасыл Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Алайда кейін шартты мерзімде жүрген Нұрасыл Болат пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде оның тойда жүргені түсірілген видео жарияланып кетті.

Осы дерекке байланысты пробация қызметінің өтініші қаралып, Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Биылғы 16 қазанда депутат Дәулет Тұрлыханов баласы туралы пікір білдіріп, "21 жастағы баласының өмір көрмегенін, әлі жас екенін" айтқан еді.

Бұған қоса ол баласының әрекеттері бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға негіз бола алмайды деп санайтынын жеткізген.

Кейін бас бостандығынан айырылған Нұрасыл Болат сот шешіміне апелляциялық шағым түсіргені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2195472-daulet-turlyhanovtyng-uly-zhazasynyng-qalgan-merzimin-turmede-otkizedi-apelliatsiialyq-sot-ukimdi-kushinde-qaldyrdy/