jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте 75 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

    Жол апаты
    Жол апаты. Фото: otyrar.kz

    Шымкентте жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған зейнеткерді көлік қақты. Cалдарынан 75 жастағы әйел оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Бүгінде апаттың мән-жайын полиция анықтап жатыр.

    "2 желтоқсанда Жібек жолы көшесінде Nissan Primera автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерден жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті.

    Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу шарасы жүргізілуде", - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 79 адам жол апатынан қаза тапқан.

    Шымкентте 75 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.