jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте лауазымды тұлғалар бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырған

    Ақша
    Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Шымкенттік лауазымды тұлғалар мен "Қуатжылуорталық-3" мекемесінің өкілдері бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған. Олар жобаның сметалық құнын арттырып, қаладағы жылу мен электр беру желілерін жөндеуге бөлінген мемлекет қаржысына қол салған. Сот үкімімен барлық жеті айыпталушы 2 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    "Сонымен қатар, күдіктілер лауазымды адамдар ұрланған қаражатты жылыстату үшін "қолма-қол ақша жасаушылар" тобын тартты.

    Олар 7 пайыз мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін бөгде тұлғаларға ресімделген 24 күмәнді кәсіпорын арқылы тауарларды жеткізу және қызмет көрсету жөніндегі мәмілелер туралы жалған құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыс актілері, шарттар) ұсынды", - деді Шымкент қаласы бойынша ЭТД-нің өкілі.

    Нәтижесінде бюджеттен жымқырылған 358 млн теңгеден астам қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүлік мемлекетке қайтарылды.

    Атап айтқанда, Шымкент және Астана қалаларындағы 2 пәтер мен 1 тұрақ орны, үшінші мегаполистегі 3 жеке үй және банк шоттарындағы тыйым салынған 50 миллион теңге тәркіленді.

    Шымкентте лауазымды тұлғалар бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.