jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте бөтен үйге кіріп, алтын сырға мен сөмке ұрлаған күдікті ұсталды (видео)

    Күдіктіге кісен салу
    Күдіктіге кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкенттік полицейлер заңсыз жолмен бағалы заттарды жымқырған күдіктіні ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, қала тұрғыны полицияға үйіне белгісіз азамат кіріп, бағалы заттарын жымқырғанын айтып арызданған.

    "Ол өз шағымында белгісіз бір азамат алтын сырғасы мен сөмкесін ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.

    Жедел-іздестіру шараларын жүргізуге Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылып, нәтижесінде ұрланған затты иесіне қайтарды", - делінген ПД хабарламасында.

    Тұрғын өз кезегінде Еңбекші ауданы полиция басқармасының басшылығы мен Анықтау бөлімінің аға анықтаушысы полиция капитаны Бауыржан Тұрғын Баймаханбетұлының қызмет барысындағы жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

    Шымкентте бөтен үйге кіріп, алтын сырға мен сөмке ұрлаған күдікті ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.