jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда желіде тараған видеодан кейін жол талғамайтын көлік жүргізушісі жазаланды (видео)

    Жол талғамайтын көлік
    Жол талғамайтын көлік. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_police_department

    Алматыда көгалға шығып, бордюрды бұзған жол талғамайтын көлік жүргізушісі жазаланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Полицейлер өрескел бұзушылық туралы әлеуметтік желі арқылы белгілі болғанын айтты.

    Көгалға шығып кеткен "Рендж Ровер" жүргізушісінің әрекеті видео авторын ашуландырған. "Бұл жағдайда азамат мұндай әрекетке бей-жай қарамай, оның әрекетін жария етті. Дұрыс жасады. Нәтижесінде, 29 жастағы құқық бұзушы анықталып, бірден әкімшілік заңнаманың екі тармағы бойынша жауапқа тартылды. Атап айтқанда: көлік құралын көгалға қойғаны үшін (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 597-бабы, 2-бөлігі), сондай-ақ жол бөлігін бүлдіргені үшін (Әкімшілік құқыұбұзушылық туралы кодекстің 630-бабы, 1-бөлігі)", - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Серік Шумаев.

    Алматы полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және кез келген заңға қайшы әрекеттрдің жолын кесуге бағытталған "Құқықтық тәртіп" қағидасының жүзеге асырылып жатқанын тағы да еске салды.

    Алматыда желіде тараған видеодан кейін жол талғамайтын көлік жүргізушісі жазаланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.