jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысында 23 жастағы қыздың денесін іздеу жұмыстары тоқтатылды

    Атыраулық қыздың денесін іздестіру жұмыстары
    Іздестіру жұмыстары. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Атырау облысында 23 жастағы қыздың денесін іздеу 44 күнге созылып, аяздың күшеюіне байланысты тоқтатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Атырау облысында жас қыз 18 қазанда жоғалып кеткен. 23 қазанда таңертең полиция департаменті оның қаза тапқаны және денесінің Орал өзеніне лақтырылғаны туралы хабарлады.

    Қылмысқа күдікті ретінде 24 және 25 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар кінәсін мойындады. Тергеу "Адам ұрлау" және "Адам өлтіру" баптары бойынша жүргізіліп жатыр.

    Қаза тапқан қыздың денесін іздеу жұмыстары 22 қазанда өзен мен жағалау маңында басталды.

    "Ақ Жайық" порталының мәліметінше, іздестіру жұмыстарына 20 қызметкер, 5 техника, 7 су кемесі мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Құтқарушылар Жайық өзенінің түбін 4500 шаршы метр аумақта арнайы құрылғылардың көмегімен зерттеді. Көрсетілген жерден өзен бойындағы 30 шақырымға дейінгі аумақ тексерілді. Қызметтік иттерді пайдаланатын кинологиялық бригада жұмылдырылды.

    Жалпы іздеу шарасына полиция департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскерлері мен еріктілер қатысты. Алайда, 44 күндік іздеу шаралары еш нәтиже бермей, Янаның денесі табылмады. Күн суып, аяз басталуына байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылды.

    Еске салайық, бұған дейін Атырауда 23 жастағы бойжеткенге іздеу жарияланғанын хабарлаған болатынбыз. Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға қатысты күдіктілерді қамауға алған.

    Атырау облысында 23 жастағы қыздың денесін іздеу жұмыстары тоқтатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.