jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Филиппиндік бала күтуші Астана тұрғынын сотқа берді

    Қолына телефон ұстаған қыз
    Қолына телефон ұстаған қыз. Фото: pexels.com

    Астанада ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау үшін сотқа жүгінген Филиппин азаматшасы жауапкерден 100 мың теңге моральдық зиян өндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Талап қоюшы Филиппин Республикасының азаматшасы жеке кәсіпкерге қатысты ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау, сонымен қатар, моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

    Сот өкілдері тараптар арасында бала күтушісі қызметін көрсетуге агенттік шарт жасалғанын анықтаған.

    2024 жылғы ақпан айында жауапкер Instagram әлеуметтік желісінде талап қоюшының төлқұжатын пайдаланып: "Еңбек міндеттерін орындамай, алаяқтықпен қашып кеткен жұмыскер. Өте сақ болыңыз!" деген жазба жариялаған.

    Жауапкер өз кезегінде сотқа тараған ақпараттың шындыққа сәйкестігін растайтын дәлелдемелерді ұсынбаған.

    "Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды.

    Талап қоюшының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жариялымдағы мәліметтер шындыққа жанаспайды деп танылды", - делінген сот хабарламасында.

    Сот жауапкерді сол БАҚ-та көрсетілген мәліметтерді жоққа шығаруға міндеттеп, одан 100 мың теңге моральдық зиян өндірілген. Шешім заңды күшіне енді.

    Филиппиндік бала күтуші Астана тұрғынын сотқа берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.