Оқыс оқиға

Зектілері

Қазақстандық әйел пәтер алудан бас тартып, әкімдікке бірнеше миллион теңге шығын келтірді

Жарияланған күні:

Теңге
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қостанай облысында қоныс аудару бағдарламасының қатысушысы әкімдікке 4 миллион теңге залал келтіріп, алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарғы сот мәліметінше, Жамбыл облысының тұрғыны қоныс аудару бағдарламасы бойынша Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданына келіп, аудандық ауруханаға жұмысқа орналасқан.

Әйет ауылында тұрғанмен, нақты тұруға ниеті жоқ болса да Б.Майлин ауданының Оренбургское ауылынан тұрғын үй сатып алу үшін Экономикалық ұтқырлық сертификатын алу мақсатында қылмыстық әрекетке барған.

Осы мақсатта ол әріптесіне одан пәтер сатып алуға уәде берген.

Аудан әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына арыз жолдап, жұмысқа орналасуына байланысты тұрғын үй сатып алу шығындарын өтеу үшін субсидия тағайындауды және төлеуді сұраған.

"Еңбек мобильдігі орталығының" Қостанай облысы бойынша филиалы сатушының шотына 4 млн теңге аударған.

Сатып алушы сатушыдан сатып алудан бас тартуына байланысты оларды қайтаруды талап еткен.

Пәтерді сатып алу-сату шарты қайта рәсімделіп, өз қажетіне жаратқан сәтсіз сатып алушыға 4 млн теңге қайтарылған.

Осылайша аудан әкімдігіне ірі материалдық шығын келтірілді.

Сотталушы жасаған қылмысына өкініп, кінәсін толық мойындады.

Шын жүректен өкіну және жас балалардың болуы жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

"Жасалған іс-әрекеттің жеке басын, сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің мән-жайын, сондай-ақ материалдық залалдың ішінара өтелуін ескере отырып, сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2197074-qazaqstandyq-aiel-pater-aludan-bas-tartyp-akimdikke-birneshe-million-tengge-shygyn-keltirdi/