jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте пробация есебіндегі 29 адам қайта сотталды

    Қолына кісен таққан ер адам
    Қолына кісен таққан ер адам. Көрнекі фото: zoka74 / Getty Images

    Шымкент қаласында 1500-ден аса азаматтың бас бостандығы шектелген. Оның 290-ы Еңбекші аудандық пробация қызметі бөлімінде тіркеуде тұр. Сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеу шарты мен тәртібін орындамаған 27 азамат бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

    Иван Семенов тыйым салынған затты қолданғаны үшін жазасын өтеп жүр. Қазір Еңбекші аудандық пробация қызметінде тіркеуде тұр. Сот үкімімен екі жылға бас бостандығынан шектелген. Арнайы есептен шығуына үш ай уақыты қалыпты. Пробация бөлімі Иванның әлеуметтік жағдайын ескеріп, оның отбасын азық-түлікпен қамтып, өзін жұмысқа орналастырған.

    "Еңбекші аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері маған жиі көмек көрсетіп тұрады. Үйде екі ұлым бар. Сондықтан мұндағылар азық-түлікпен жиі қамтиды. Дәнекерлеуші болып жұмысқа орналастырды. Өткенде менің отбасыма циркке билет те берді. Бала-шағамен барып тамашаладық. Бұрынғы жаман әдеттерімнен арылуға көмек тесті. Енді заң бұзушылық жасамаймын", - деді Иван Семенов.

    Телеарна мәліметінше, есепте тұрған 290 азаматтың 29-ы әйел, екеуі кәмелет жасына толмағандар. Олар айына 3 рет тіркеуден өтіп тұрады. Ал заңды бұзған 29-ы қайта сотталып, түзеу мекемесіне жіберілген.

    "Сотталған 40 азамат тұрақты жұмысқа орналастырып, квотамен 13 сотталушы орналастырылған. 28 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, көпбалалы отбасыларға қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілді. Екі сотталған азамат бізде есепте тұрып, үш айлық оқу орнын бітіріп, курс алып, шаштараз және деәнекерлеуші болып жұмысқа орналастырылған.

    Біз қатаң қадағалау мақсатында электрондық бақылау құралы қолданылып, аяқтарына электорнды бақылау тағылып олардың мекен жайлары тексерілуі және тіркеуге келу уақыттары күшейтілген", - деді Еңбекші аудандық пробация бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жанар Тұрсынқұлова.

    Айта кетейік, Еңбекші ауданының пробация қызметінің қызметкерлері 19 адамға медициналық, 22 адамға құқықтық көмек көрсетті. Сонымен қатар 16 сотталушының мектеп жасындағы балаларының көңіл күйін көтеру мақсатында циркке билет сатып алып берген.

    Шымкентте пробация есебіндегі 29 адам қайта сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.