jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейлік депутаттар Қадыровтан кешірім сұрауды талап етті

    Рамзан Қадыров
    Рамзан Қадыров. Фото: Evgenia Novozhenina / POOL / AFP via Getty Images

    Ресейдің Красноярск өңірінің депутаттары Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтан Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннен кешірім сұрауды талап етті.

    "Өңір басшысының Ресей тергеу комитетінің төрағасы Александр Иванович Бастрыкинді "орнына қойғанына" ызаландым. Біз оны қорғауымыз керек. Сол себепті Қадыров, кешірім сұра", - деп жазды депутат Сергей Кусмаков Telegram-арнасына.

    Оны Красноярск өңірінің тағы бір депутаты Сергей Климов қолдай жөнелді.

    "Президенттен басқа, ешкімнің Александр Ивановичке нені қалай істеуді үйретуге құқығы жоқ! Бастрыкинді ренжітпейміз. Сол себепті Қадыров, кешірім сұра", - деп жазды ол.

    "Грозный Информ" мәліметінше, жақында Қадыров Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мен ішкі істер министрі Владимир Колокольцевті сынаған. Шешенстан басшысының сынына 14 жастағы Мүслім Мүрдиевке қатысты қылмыстық іс себеп болған.

    "Мүслім Мүрдиевтің ісімен біз баяғыдан айналысып келе жатырмыз. Құқық қорғаушылар, депутаттар, сенаторлар – бәрі, тіпті мен де. Ал жоғарыда, тергеу органдарында отырғандар, Бастрыкин мен Колокольцевтер өзгенің орнын алып отыр", - деп мәлімдеген Қадыров.

    Мүрдиевке қатысты қылмыстық істі Тергеу комитетінің Мәскеудегі басқармасы тергеп жатыр. Жасөспірімге төрт түрлі айып тағылған. Ол қазір үйқамақта отыр. Мүрдиевпен бірге тағы төрт азаматқа айып тағылған. Мүслімнің өзі бір топ адам жабылған досына араша түстім дейді.

    Ресейлік депутаттар Қадыровтан кешірім сұрауды талап етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.