jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Антикор Шымкенттің туризм саласына қатысты тексеріс бастады

    Құжат қарап отырған адам
    Құжат қарап отырған адам. Көрнекі сурет: pexels.com / RDNE Stock project

    Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады. Бұл туралы агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті хабарлайды.

    Антикор сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастаған.

    Алдағы уақытта Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы мен Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығының қызметі талданады.

    Талдау барысында бюджетті жоспарлау және игеру, туроператорлық қызметті лицензиялау, шығындарды өтеу және кәсіпкерлерді субсидиялау мәселелерін зерделеу жоспарлануда.

    Департамент қызметкерлерімен қатар, талдауға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғам өкілдері тартылып жатыр.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты немесе осы саланы жетілдіру бойынша ұсыныстарды kaldybaev.n@antikor.gov.kz электронды поштасына немесе WhatsApp (+7 771 518 68 34) мессенджеріне жолдай аласыздар.

    Антикор Шымкенттің туризм саласына қатысты тексеріс бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.