jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Табуға көмектескендерге сыйақы уәде етілген": шымкенттік бұрынғы "антикор" қызметкері ұсталды

    Дәуренбек Қожабаев
    Дәуренбек Қожабаев. Фото: t.me/antikornews

    Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бұрынғы орынбасары, бұған дейін іздеу жарияланған Дәуренбек Қожабаев ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Құзырлы орган мәліметінше, Антикор өкілдері Шымкент қаласы бойынша аумақтық басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Дәуренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

    Ол қаладағы орта мектептердің бірінің директорынан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін пара алды деген күдікке ілінген.

    Биыл шілде айында Қожабаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын. Кейін Антикор іздеуде жүрген бұрынғы қызметкерін табуға көмектескендерге сыйақы берілетінін хабарлаған болатын. Агенттік өкілдері анонимдікке кепілдік берген еді.

    "30 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Антикор өкілдері.

    Тергеу жалғасып жатыр.

    "Табуға көмектескендерге сыйақы уәде етілген": шымкенттік бұрынғы "антикор" қызметкері ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.