jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте есірткі сатумен айналысқан бес күдікті ұсталды (видео)

    Шымкентте табылған есірткі
    Шымкентте табылған есірткі. Видеодан кадр: t.me/ polisia.kz

    Шымкентте полиция жедел іс-шаралар жүргізу барысында есірткі заттарын өткізумен айналысатын бес ер адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, күдіктілердің бірінің үйінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен, ылғалдылықты өлшеу құралдарымен, желдеткіштермен, термометрлермен және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіру бөлмесі анықталған.

    Фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұтасы мен құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктілерден 17 доза "синтетика" және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылды.

    Қазір іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

    Шымкентте есірткі сатумен айналысқан бес күдікті ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.