Оқыс оқиға

Зектілері

"Барлық нұсқа қарастырылады": ІІМ өкілі Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты іске пікір білдірді

Жарияланған күні:

қылмыстық іс
Қылмыстық кодекс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 11 желтоқсанда мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл жарияланымда өзіне қол салу жағдайы туралы ақпарат бар. Егер сізге не жақыныңызға күйзеліске түсуге байланысты көмек қажет болса, Қазақстанның түрлі қалаларында іске қосылған сенім телефондарына хабарласа аласыз (телефондар тізімі осында).

"Кеше өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы жарияланды, қылмыстық іс тергеліп жатыр", - делінген хабарда.

Сонымен қатар ол Қазақстан заңнамасы бойынша тергеуге екі ай уақыт қарастырылғанын, қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін екенін еске салды.

"Барлық нұсқа қарастырылады, оның ішінде марқұмның туыстары да алға тартып отырған нұсқалар да қаралады. Процесуалдық шешім қабылдаумен бәрі толық тексеріледі", - деп түйіндеді сөзін ол.

Еске салсақ, кеше, 10 желтоқан кешке Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстап әкеткені мәлім болды. Бұл жағдай Талғар ауданы Азат ауылында Нұрымовтың інісі Нұрғанат Ғайыпбаевты ақтық сапарға шығарып салғаннан кейін болған.

Шерзат Болаттың ағасының денесі 8 желтоқсанда түнде Талғар маңында табылған. Полицияның алдын ала болжамынша, Ғайыпбаев өз өзіне қол жұмсаған. Алайда марқұмның туыстары оған сенбей отыр.

Кейін Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов "бұзақылық" айыбымен 15 тәулікке қамауға алынды. Сот Нұрымовтың бір қарындасына да дәл осындай жаза тағайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2199042-barlyq-nusqa-qarastyrylady-iim-okili-sherzat-bolattyng-agasynyng-olimine-qatysty-iske-pikir-bildirdi/