Оқыс оқиға

Зектілері

Астанада қараусыз қалған ғимараттан өлі табылған оқушы қыз ісі: тергеу неліктен тоқтатылды

Жарияланған күні:

Жасөспірім қыздың денесі табылған иесіз ғимарат
Жасөспірім қыздың денесі табылған иесіз ғимарат. Видеодан кадр: КТК

Бүгін мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Астанада қараусыз қалған балабақша ғимаратында өлі табылған жасөспірімнің ісіне қатысты жаңа мәліметтер айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл жарияланымда өзіне қол салу жағдайы туралы ақпарат бар. Егер сізге не жақыныңызға күйзеліске түсуге байланысты көмек қажет болса, Қазақстанның түрлі қалаларында іске қосылған сенім телефондарына хабарласа аласыз (телефондар тізімі осында).

Ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Барлық тергеу әрекеті жүргізілді. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Процесуалдық шешім прокурормен келісілген түрде қабылданып, алдын ала тергеу тоқтатылды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бойынша құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан тіркеліп, аяқталды", - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, қыркүйекте қаңырап иесіз тұрған бұрынғы балабақша ғимаратынан 14 жасар қыздың денесін сол маңда ойнап жүрген балалар тапқан.

Астанада иесіз ғимараттан өлі денесі табылған 14 жастағы қыздың ажалы неден болғаны анықталды. Полиция өкілдері осыдан бір ай бұрын болған қайғылы жағдай бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын жария еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2199068-astanada-qarausyz-qalgan-gimarattan-oli-tabylgan-oqushy-qyz-isi-tergeu-nelikten-toqtatyldy/