jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Атырауда полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы 24 мыңға жуық құқық бұзушылық анықтады

    Жедел басқару орталығы
    Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Атырауда полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы 24000-ға жуық құқық бұзушылық анықтады. Бұл туралы Атырау облысының әкімдігі хабарлады.

    Жедел басқару орталығы – адамдар көп жиналатынорындарды бақылауға, жаяу полицияның және автопатрульдерінің іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар бейнекамералар құқық бұзушылықтың алдын алуда маңыздылығы зор.

    Бүгінде Атырау қаласының аумағында 3506 бейнебақылау камерасы орнатылған. Осы жүйенің көмегімен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу арқылы қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылады.

    Жедел басқару орталығы
    Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Мәселен, 2024 жылдың 11 айы бойынша бейнебақылау жүйесін тиімді пайдалана отырып, 312 қылмыс және 23978 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық сияқты қылмыстар бар.

    Жедел басқару орталығы
    Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Сонымен қатар бейнебақылау камераларымен анықтайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі - алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған күйде көлік тізгіндеу немесе көшеде, қоғамдық орындарда мас күйінде болу.  

    "Interceptor" жүйесі арқылы 2024 жылдың 11 айында:

    • мемлекет алдында әкімшілік айыппұлдарды өтелмеген борышкерлер саны - 3876;
    • арнайы тұраққа қойылған автокөліктер саны - 1333;
    • әкімшілік айыппұлдары өңделген саны - 2543.  

    "Сергек-Қорғау" жүйесі арқылы 2024 жылдың 11 айында 28945 көрсеткіштер анықталған, оның ішінде:

    • айыппұл бойынша нұсқама берген - 19477;
    • айып тұрағына қойылған - 470.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.