jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында арақ-шарапты қолдан құйған астыртын цех анықталды

    Түркістан облысындағы астыртын цех
    Түркістан облысындағы астыртын цех. Видеодан кадр: КТК

    Түркістан облысында арақ-шарапты қолдан құйған астыртын цехтар жабылды. Заңсыз ішімдік өндірумен айналысқандарды прокурорлар анықтаған, деп хабарлайды КТК.

    Спиртке су араластырып сататын цехтар Түркістан, Келес және Төле би аудандарында орналасқан екен. Олар бағасы қымбат әрі сұранысқа ие спирттік өнімдерді қолдан жасаған. Үш цехтан акциздері жапсырылып, сатылымға дайын тұрған 32 мың шөлмек арақ пен құрамында спирті бар тағы 600 литр сұйықтық тәркіленді.

    Енді тергеушілер астыртын арақ өндірушілердің қанша уақыттан бері заңсыз жұмыс істеп келгенін анықтап жатыр. Заңсыз өнімнің нарықтық құны 170 млн теңгеге бағалануда.

    "31 мыңнан астам "Абсолют", Skyy, "Айдабульская" маркасындағы жалған бөтелкелердегі алкоголь өнімдері, сондай-ақ құрамында спирті бар 600 литр сұйықтық тәркіленді. Заңсыз өнімнің нарықтық құны 170 млн теңгеден асады.

    Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 233-бабы бойынша тергеп-тексеру басталды", - деді Түркістан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрғали Тыныбеков.

    Дереккөз: КТК

    Түркістан облысында арақ-шарапты қолдан құйған астыртын цех анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.