jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешендерінің бірі сүріліп жатыр (фото)

    Заңсыз салынған тұрғын үй кешенін сүру жұмсытары
    "Француз үйі" тұрғын үй кешенін сүру жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Қарағайлы шағын ауданындағы АКХ "Чапаева", учаске 426, 504 мекенжайында орналасқан "Француз үйі" тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталғанын хабарлады. Бұл жөнінде қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомсвто мәліметінше, бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында тапсырыс беруші (жеке тұлға) тұрғын үй кешенін СЖТ-сыз, жоба эскизін келісусіз, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз және тиісті сараптамасыз салғаны анықталған.

    Сот барысы

    Кейін тапсырыс берушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ғимаратты сүру туралы талап арыз берілді.

    • 2023 жылғы 26 шілдеде сот талап арызды қанағаттандырып, ғимараттың сүрілуін бекітті.
    • Алматы қалалық соты 2023 жылңы 26 қазанда бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
    • 2024 жылғы 30 қаңтарда атқару парағы Әділет департаментіне жолданып, атқарушылық іс қозғалды.

    Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.

    Француз үйін бұзу жұмыстары
    Бұзу жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

    Әкімдік мәліметінше, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында, өткен жылдың басынан бері қалада 55 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері мен басқа да объектілер толығымен немесе жартылай сүрілген.

    Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешендерінің бірі сүріліп жатыр (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.