jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді

    Зорлық-зомбылық
    Көрнекі фото: Sochinews.io

    Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді. Қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген отағасы оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Олардың отау құрғандарына бір жыл ғана болған екен. Қылмыскер бұған дейін сотты болмаған. Осыны ескерген сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

    "Жұбайын өлтіру бойынша биыл 1 факті болған. Сотталушы азамат эолдасының басқа адаммен көңілдес болып жүргенін естиді. Сол қызғану себебінен ұрып-соғып өлтіреді. Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан.

    10 жыл бас бостандығынан айрылған. Жасы 50-дегі азамат", - деді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов.

    Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.