Шымкентте құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қорытынды кездесу өтті
Жарияланған күні:

Шымкентте Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Тәртіпті өзіңнен баста" атты құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша жылдық қорытынды кездесу өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесудің мақсаты – қаланың белсенді жастарын ақпараттандыру арқылы жастарға құқықбұзушылықтың алдын алуды насихаттау.
Жиынға Шымкент қаласының прокурорының аға көмекшісі Қайсар Тилеубердиевич Қалдыбаев, ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Бауыржан Қанатұлы Карбеков, Жол-көлік колледжінің директоры Берік Рахманбердіұлы Ешимов, "Ізгілікте жарысайық" қоғамдық қорының волонтерлер мектебінің жетекшісі Рақатбек Нуржанұлы Карсанбек, Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Аружан Русланқызы Әлжан, сондай-ақ қаланың ерікті және белсенді жастары қатысты.
Шара барысында спикерлер жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, өз тәжірибелерін бөлісті. Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының Әл-Фараби ауданы бойынша жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Қайыржан Қайратұлы Бөгенбай құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша орталықтың жұмыстары туралы баяндама жасап, арнайы бейнеролик көрсетілді.
Кездесу ойын түріндегі ерекше сұрақ-жауаптармен аяқталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2199927-shymkentte-quqyqbuzushylyqtyng-aldyn-alu-boiynsha-qorytyndy-kezdesu-otti/