jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астананың кей тұрғындарын жарықсыз қалдырып, электр сымдарын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

    Елорда
    Елорда. Көрнекі фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

    Астанада "Бәйтерек" монументі маңайындағы тұрғындарды жарықсыз қалдырған төрт адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Қабылдау орнын тексеру кезінде тазаланған мыс сымдары бар жеті қап табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    13 желтоқсанда қаланың сол жағалауында белгісіз біреулер қосалқы станцияның кабелін ұрлап кетті.

    Соның салдарынан "Арайлым", "Премиум", "Новый мир", "Нұрсая", "Парковый" және "Дипломат" тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Қонаев көшесіндегі екі әкімшілік ғимарат жарықсыз қалған болатын.

    Полицейлер кабель ұрлаған тқрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Төртеуі жерасты құдықтарға түнгі уақытта канализациялық люктар арқылы түсіп жүрген. Күні кеше қаланың сол жағалауында кабель ұрлаған. Оны тазалап, металл қабылдайтын жерге тапсырып үлгеріпті.

    "Қабылдау орнын тексеру кезінде тазаланған мыс сымдары бар жеті қап және үш радиостанция тәркіленді. Бұдан бөлек, ұсталған қылмыстық топтың тағы бес ұрлыққа қатысы бар болып шықты. Олар бір трансформаторлық қосалқы станциядан мыс шиналарын да ұрлаған", - дейді тәртіп сақшылары.

    Сондай-ақ, ведомство өкілдері сатып алушыдан электронды және механикалық таразылар тәркіленгенін жеткізді.

    Қазіргі кезде барлығы ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі дейінгі тергеу шаралары басталды.

    Астананың кей тұрғындарын жарықсыз қалдырып, электр сымдарын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.